ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ САРАПШЫЛАР ТОБЫ

2007 жылы Білім беру, дыбыс-бейне құралдары және мәдениет бойынша Атқару Агенттігінің қолдауымен және ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісіп, Қазақстанда жоғары білім беруді реформалау бойынша ұлттық сарапшылар тобы құрылды.

Топтың міндетіБолондық үдерістің мақсаттарын есепке ала отырып, жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге қолдау көрсету.

Оның міндеттері:

  • Институциялық және ұлттық деңгейлерде жоғары білім беруді жетілдіру үдерісіндегі жағымды отандық және халықаралық тәжірибені жинақтау және тұжырымдау, оның Қазақстанда пайдалануына қолдау көрсету;

  • Жоғары білім беру саласында реформалар саясатын әзірлеуге және алға бастыруға белсенді қатысу;

  • Жоғары білім беру саласында академиялық емес құрылымдар пайдаланатын тиімді жолдар мен құралдарды пайдалануға қолдау көрсету;

  • Қазақстанда және шетелде сарапшыларды дайындауға және олардың білімін жетелдіруге қатысу.

Қазақстандық топ жұмысының бірінші кезеңі жоғары білім беруді реформалаудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерттеп, оны меңгеруге арналды. 2011 жылы топтың қызметі жоғары білім беру саласындағы реформаларды алға бастыруға бағытталды. 2011 жыл бойы сарапшылармен «Дипломға берілетін болондық қосымша және несиелер трансфертінің Еуропалық жүйесі» тақырыбына бірнеше тренинг-семинарлар өткізілді. Оған еліміздің алты облысының әр түрлі жоғары оқу орындарынан 360-тан аса оқытушы және әкімшілік қызметкер қатысты.

Топ ҚР Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастық құруда. Топ мүшелері БҒМ әр түрлі стратегиялық құжаттарының әзірленуі мен талқылауына қатысты. 2011 жылы Еуропалық үлгідегі дипломға қазақстандық Қосымшаны ресімдеу және беру бойынша ұсыныстарды әзірлегенде қолдану үшін БҒМ қарауына Қазақстандық біліктілік шектерінің жобалары мен Қазақстандағы білім беру жүйесінің сипаттамасы жолданды.

Ұлттық топтың күшімен, Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін Болондық үдерістің ұстанымдары бойынша реформалауға арналған, «Қазақстандағы жоғары білім беруді халықаралық білім беру кеңістігіне енгізу: жетістіктер, қиындықтар, даму мүмкіндіктері», «Қазақстандағы жоғары білім беруді Болондық үдеріске ықпалдаудың кейбір шарттары: құрылымы, мазмұны, ғылым, кадрлар» аналитикалық материалдары әзірленіп, жарияланды. Оларды біздің сайтымызда орыс тілінде «Жарияланымдар» («Публикации») бөлімінен табуыңызға болады.


Топ мүшелерінің байланыс деректерін біздің сайтымызда орыс тілінде сәйкес бөлімнен табуыңызға болады.

 
English Kazakh (CIS)Русский

Фотогалерея

Joomla Templates and Joomla Extensions by JoomlaVision.Com

1 1

2 2

3 3

4 4

5 5

6 6

7 7

8 8

9 9

10 10
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер