Главная страница

ТЕМПУС ДЕГЕН НЕ?

ТЕМПУС – Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс Еуропа, Орта Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес-елдерде жоғары білім беруді жетілдіру үрдістерін, көбінесе жоғары білім беру орындары арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы қолдауға бағытталған бағдарламаларының бірі.

ТЕМПУС жобаларының аясында, көбінесе ЖОО немесе олардың бірлестіктерінен және академиялық емес серіктестерінен тұратын консорциумдарға қолдау көрсетіледі.


ТЕМПУС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ ҚАНДАЙ?

ТЕМПУС бағдарламасының басты мақсатыЕО және серіктес-елдерінде жоғары білім беру саласында ынтымақтастық аймағын құру.

Осы мақсатқа жету үшін бағдарлама аясында нақты мәселелер шешіледі:

  • Серіктес-елдерінде жоғары білім беруді реформалауға және жетілдіруге қолдау көрсету;

  • Серіктес-елдерде жоғары білімнің сапасын және еңбек саласы мен қоғаммен сұранысқа ие болуын арттыру;

  • ЕО елдерінде және серіктес-елдерінде оқу орындары мүмкіндіктерін, әсіресе халықаралық ынтымақтастық, оны жетілдіру және еңбек саласы мен қоғам үшін ашықтық саласында, арттыру;

  • Адам ресурстарын дамытуға қолдау көрсету;

  • Еуропа елдері және серіктес-елдері халықтары мен мәдениеттері арасында өзара түсінушілікті арттыру.


БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ:

  • Институционалдық ынтымақтастық

  • «Төменнен-жоғары қарай» әдісі бойынша жұмыс істейтін бағдарлама негізінен ЖОО-нда және/немесе жоғары білім беру жүйесіндегі реформалауға бағытталған жобалық ұсыныстар сайыстары арқылы іске асырылады

  • Тиісті ұлттық билік органдарын белсенді түрде қатыстыру

  • Нәтижелерді таратуға, тұрақтылығы мен пайдалануға зейін салынады

  • ЕО ұтқырлық бойынша бағдарламаларын толықтырады (жеке алғанда, Эрасмус Мундус).

 

ТЕМПУС БАҒДАРЛАМАСЫ ТАРИХЫНАН КЕЙБІР МӘЛІМЕТТЕР

ТЕМПУС (Trans-European mobility programme for university studies – Университеттерге арналған Tранс-Еуропалық ұтқырлық бағдарлама) бағдарламасының бірінші кезеңі шақырулар мен Орта және Шығыс Еуропа елдері: Польша, Венгрия және Чехословакияда (кейін - Болгария, Румыния, Югославия, Латвия, Литва, Эстония, Словения мен Албанияда) жоғары білім секторын жетілдіру талаптарына жауап ретінде 1990 жылы жарияланды.

ТЕМПУС II ретінде белгілі болған бағдарламаның келесі кезеңі 1994 жылы басталды. Оның барысында Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Әзербайжан, Грузия және Моңғолия, кейінінен – Босния мен Герцоговина, Македония, Түркменістан және Тәжікстан ТЕМПУС-тың серіктес-елдері болды.

2000 жылы бағдарлама келесі ТЕМПУС III- кезеңіне кірді. Жалпы 1990 жылдан 2006 жылға дейін ТЕМПУС бағдарламасының аясында 6500 жобаға қаржы бөлінді, оларды іске асыру үшін Еуропа және серіктес-елдерінің 2000 университеті тартылды.


ТЕМПУС IV (2007-2013) бағдарламаның жаңа кезеңі. Оның тұжырымдамасын құру барысында алдыңғы кезеңдердің нәтижелері мен тәжірибесі есепке алынды, мысалы бағдарлама артықшылықтарын «ұлттық» және «аймақтықтарға» бөлу.




 
English Kazakh (CIS)Русский

Фотогалерея

Joomla Templates and Joomla Extensions by JoomlaVision.Com

1 1

2 2

3 3

4 4

5 5

6 6

7 7

8 8

9 9

10 10
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер